Center Image
IHSAN.KZ
САРАН ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА УАҚЫПТЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ
САРАН ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА УАҚЫПТЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Уақып» тақырыбында апталық рухани дастархан жайылып, жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ислам дініндегі уақыптың мән-маңызын түсіндіру, жамағатты қайырымдылық пен ізгілікке үндеп, қоғамда сауапты істерді дәріптеу.

Кездесу барысында уақыптың шариғаттағы орны, қоғамға тигізер пайдасы және келер ұрпаққа қалдырар рухани мұрасы жөнінде кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің, ел игілігі үшін қызмет етудің және үздіксіз сауапқа кенелтетін қайырлы істер атқарудың маңыздылығы айтылды.

Рухани басқосу жамағат арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайтуға, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz