Center Image
IHSAN.KZ
«ҚАЗЫБЕК БИ« МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАН – МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
«ҚАЗЫБЕК БИ« МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАН – МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

«ҚҰРАН – МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен «Жастар ісі» секторының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Құран Кәрімнің «Шәмс» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі аралықты қамтыған Құран сайысы өтті.

Рухани сайыстың басты мақсаты – жастардың қасиетті Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттыру, сүрелерді жаттауға ынталандыру, діни білімдерін жетілдіру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Сайысқа Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Құран» секторының жауапты меңгерушісі Бауыржан Мейірбекұлы және облыстық «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Әсет Наурызбайұлы төрелік етті.

Жоғары деңгейде өткен сайыста қатысушылар өздерінің Құран жаттаудағы білімдері мен оқу шеберліктерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды:

  • І орын – 25 000 теңге;
  • ІІ орын – 15 000 теңге;
  • ІІІ орын – 10 000 теңге.

Іс-шара соңында «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы әділқазылар алқасына ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстады.

Қасиетті Құранды ұлықтауға бағытталған тағылымды шара жастардың рухани дамуына, имандылық пен ізгілік жолында білімдерін шыңдауына ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz