Абай аудандық мешітінің ұстазы Көкебайқызы Нұризаттың жетекшілігімен әйел жамағатына арналған ақида дәрістері жүйелі түрде жүргізілуде.
Сабақ барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни білім беру бағдарламасына сәйкес, Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақида мектебінің негіздерін қамтитын арнайы оқу құралдары мен сенімді ақида кітаптары басшылыққа алынады.
Дәрістердің негізгі мақсаты – жамағатқа ислам сенім негіздерін дұрыс түсіндіру, ақида ілімін жүйелі түрде меңгерту және діни сауаттылықты арттыру.
Сонымен қатар сабақтарда дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ислам құндылықтарының халқымыздың ұлттық болмысымен үйлесімі, ата-бабадан жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлердің діни негіздері де кеңінен түсіндіріледі. Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің асыл құндылықтарын дініміздің өнегесімен ұштастыра білуге ерекше мән беріледі.
Аталған дәрістер жамағаттың діни танымын тереңдетіп, дұрыс сенім мен берік имандылықты қалыптастыруға, дін мен дәстүрді сабақтастыра түсінуге бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы