Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам және адал қоғам» атты еңбегі негізінде шәкірттерге тағылымды дәріс өткізілді.
Дәріс барысында кітапта көтерілген адалдық, әділдік, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарының маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар ислам дініндегі көркем мінез, адал еңбек ету және қоғамға пайда тигізу мәселелері кеңінен насихатталды.
Кездесу соңында шәкірттер тақырып бойынша ой бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы