Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Отбасы – қоғам тірегі» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды.
Рухани-танымдық семинарды мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы жүргізіп, ислам дініндегі отбасының орны мен маңыздылығы жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, бала тәрбиесі, отбасындағы жауапкершілік пен береке-бірлікті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ ұстаз отбасының ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне ерекше тоқталып, ұлттық дәстүрлерді сақтау, бала бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңірудің маңыздылығын атап өтті.
Семинардың басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, әйелдер арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы отбасының маңызды рөлін насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы