Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы «Бұқар жырау» атындағы орталық кітапханада жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам «Нашақорлықтың зияны және салдары» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жастар тәрбиесі мен қоғамда белең алған келеңсіз әрекеттердің зардаптарына тоқталды.
Атап айтқанда, есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығына, отбасылық құндылықтарға және қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ Әбілхайыр Кәсенұлы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Рухани кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әрекеттердің алдын алу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы