Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінде шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан байқау ұйымдастырылды.
Рухани сайыста қатысушылар қасиетті Құранның «Нәс» сүресінен «Фил» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа оқып, өз білімдері мен дайындықтарын көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты – шәкірттердің Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттыру, сүрелерді жаттауға ынталандыру және діни білімдерін жетілдіру.
Аталған шара шәкірттердің рухани дамуына оң ықпал етіп, қасиетті Құранды үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы