Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында тарихи маңызы бар Төрелер зиратына зиярат жасады.
Тағылымды сапар барысында жамағатқа Төрелер зиратының тарихы, онда жерленген тұлғалардың ел тарихындағы орны мен рухани мұрасы туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар зиярат әдебі, өткенге құрмет көрсету, ата-баба аманатына адал болу және тарихи мұраны қадірлеудің маңыздылығы жөнінде насихат айтылды.
Шараның басты мақсаты – тарихи жадымызды жаңғырту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жамағаттың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыру.
Мұндай тағылымды сапарлар өскелең ұрпақты өткенін құрметтеуге, ата-баба мұрасын сақтауға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үндейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы