Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегінің таныстырылымы өтті.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жамағатқа аталған еңбектің мазмұны мен негізгі мақсатын кеңінен түсіндіріп, Ислам дініндегі адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарының маңызына тоқталды.
Кездесу барысында кітапта қозғалған өзекті мәселелердің қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, рухани тәрбиені жетілдіруге және ізгілік құндылықтарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Сондай-ақ имам адалдықтың тек жеке адамның бойындағы қасиет қана емес, тұтас қоғамның берекесі мен тұрақтылығының негізі екенін жеткізді.
Жиын соңында мешіт жамағаты мен қызметкерлерін аталған еңбекті оқып, ондағы тағылымды ойлар мен өнегелі насихаттарды күнделікті өмірде басшылыққа алуға және көпшілік арасында кеңінен дәріптеуге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы