Center Image
IHSAN.KZ
«БҰҚАР ЖЫРАУ АТА» МЕШІТІНІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
«БҰҚАР ЖЫРАУ АТА» МЕШІТІНІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Бұқар Жырау ауданына қарасты «Бұқар Жырау ата» мешітінің имамы Амангелі Арыстанның ұйымдастыруымен мешіттің жылу жүйесі жаңартылды.

Аталған жұмыстар мешітке келуші жамағатқа қолайлы жағдай жасау, ғимараттың жылу жүйесінің тиімділігін арттыру және қыс мезгілінде мешіт ішіндегі қалыпты температураны қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Мешіттің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бұл игі бастама жамағаттың құлшылықтарын жайлы әрі жылы ортада орындауына мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz