Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастардың рухани дамуына үлес қосу, имандылыққа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар – руханияттың шамшырағы» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Тағылымды басқосу барысында жастарға ислам дінінің асыл құндылықтары, имандылық пен адамгершіліктің маңызы, ізгі амалдар мен көркем мінездің адам өміріндегі орны туралы насихат айтылды. Сондай-ақ жастарды білімге ұмтылуға, уақытты тиімді пайдалануға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақырды.

Кездесу аясында жастардың өзара достық қарым-қатынасын нығайту, бос уақыттарын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара бақ сынасып, белсенділік танытты.

Аталған іс-шара жас ұрпақтың рухани тәрбиесін жетілдіруге, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға, жастардың білімді, саналы әрі қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz