Дүниежүзілік жастар күніне орай Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы Қаныш Сәтбаев атындағы №1 мектептің оқушыларымен рухани-танымдық кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына имандылық пен адамгершілік құндылықтарын сіңіру, ұлттық тәрбие мен рухани мәдениетті дәріптеу, жастарды білімге, ізгілікке және жауапкершілікке баулу.
Шара барысында имам жастарға білім алудың маңыздылығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы сыйлау, уақытты тиімді пайдалану және жат әдеттерден аулақ болу жөнінде тағылымды насихат айтты.
Сондай-ақ өскелең ұрпақтың ел болашағындағы орны ерекше екеніне тоқталып, жастарды саналы, білімді әрі тәрбиелі азамат болып қалыптасуға шақырды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы