ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті жанындағы салттық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Сапар барысында орталықтың қазіргі тыныс-тіршілігі, мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру және кебіндеу қызметтерінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ ғимаратта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары назарға алынды.
Сонымен қатар жауапты маман орталықтың материалдық-техникалық жағдайын қарап, халыққа көрсетілетін салттық қызметтердің сапасын арттыру, қажетті жағдайларды жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне тоқталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы