Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде 2007 жылдан бері шәкірттердің қатысуымен Құран хатым оқу дәстүрі жалғасып келеді.
«Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет» деген ұстанымды негізге алған шәкірттер жан-жақтан арнайы жиналып, өздеріне діни білім беріп, рухани тәрбие жолында бағыт-бағдар көрсеткен ұстаздарына құрмет көрсетті.
Рухани басқосуға Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы арнайы шақырылды.
Кездесу барысында Құран хатым дұғасы жасалып, сауабы бағышталды. Сондай-ақ, имам Нұржан Оңғарұлы жиналған шәкірттерге тағылымды уағыз-насихат айтып, білім алудың маңыздылығы, ұстазға деген құрмет пен шәкірттік әдеп жайында өнегелі ойларымен бөлісті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы