Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-ҒАФФАР» МЕШІТІНІҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТОЙХАНАЛАРДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
«ӘЛ-ҒАФФАР» МЕШІТІНІҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТОЙХАНАЛАРДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің дін қызметкерлері қаладағы «Миллион», «Достар», «Заман» және «Алтын орда» тойханаларында «Той мәдениеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында той-томалақ пен ас беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол бермеу, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, шариғат талаптарын ұстану және қоғамда өнегелі той мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, тойхана әкімшіліктеріне дастархан мәзірін тиімді ұйымдастыру, артық шығыннан сақтану, адал ас ұсыну және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы айтылды.

Аталған түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтып, халық арасында қарапайымдылық пен қанағатшылдықты насихаттау, ысырапсыз той мәдениетін қалыптастыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz