Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында үстел теннисінен өңірлік сайыс өткізілді.
Спорттық шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өзара достық пен бірлікті нығайту және бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу.
Тартысты өткен жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Сайыс жастардың басын қосып, өзара тәжірибе алмасуына және достық қарым-қатынастарын нығайтуына мүмкіндік берді.
Аталған шара жастарды спортқа баулумен қатар, олардың бойында табандылық, тәртіп, ұйымшылдық және өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы