Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде әйелдер жамағаты арасында Құран Кәрімді жатқа оқу, тәжуид қағидаларын меңгеру және діни білімдерін жетілдіру мақсатында Құран жарысы ұйымдастырылды.
Рухани сайыс мешіт ұстазы Муслима Абдраимқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
Үш кезеңнен тұратын білім додасында қатысушылар Құран Кәрімді мәнерлеп оқу, тәжуид ережелерін дұрыс қолдану және діни білімдерін ортаға салу бойынша өзара бақ сынады.
Сайыс барысында шәкірттердің Құран іліміне деген ынта-ықыласы, ізденімпаздығы мен білім деңгейі сараланып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.
Аталған шараның басты мақсаты – әйелдер жамағаты арасында Құран Кәрімге деген сүйіспеншілікті арттыру, қасиетті кітапты дұрыс әрі көркем оқуға ынталандыру, діни сауаттылықты жетілдіру және шәкірттер арасында ізгі бәсекелестік қалыптастыру.
Мұндай рухани-ағартушылық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, әйелдер жамағатының діни білімін арттыруға ықпал етпек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы