Center Image
IHSAN.KZ
Жақсылық – сауапты амал
Жақсылық – сауапты амал

Кімде – кім бір игі істі бастап, өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады 

(Муслим)

Жақсылық жасау, жақсы ойлау, жақсы тәрбие, мінез – құлық көрсету бұл да бір дініміз Исламның маңызды құндылықтарының бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. әрдайым жақсылықта жарысындар деп өсиеттеген. Алла Тағала жолда бөгет боп жатқан қандай бір нәрсені алып тастағаның үшін де сауап жазады. 

Қазіргі қоғамда, көптеген жас жеткіншектер жақсылық жасауды қымбат сыйлық, көрнекті зат, қомақты дүниемен есептейді. Бұл қате қалыптасқан ой. Қоғамдық көлікте қарт кісілерге немесе мүгедектігі бар адамдарға орын беру де жақсылық жасау болып табылады. Қолынан келгенше жақсылық жасауға, біреуге көмектесуге, бойын, мінезін, табиғатын, болмысын үйрету, ол жақсы қалыптасқан әдет болып табылады. Өкінішке орай қазір заманауи интернет, гаджет, виджет дамыған қоғамда, әсіресе жақсылық жасауға деген құштарлығы да ниеті де жоқ жастарды жиі кездестіреміз. Негізінде баланы жақсылық жасауға сауапты амалдар істеуге баулу ол алдымен отбасы тәрбиесінен басталады.

Әрдайым, дастархан басында болмаса басқа қоғамдық ортада ата – ана баласына бөгде адамдарға көмек қолын созуды, ондай істің сауабы мол екенін түсіндіріп отырса, соны құлағына сіңірген бала, қайтсе жақсы амалдар жасауға деген талпынысы оянар ма еді ?

Алла Тағала қасиетті құранның әл-Ғимран сүресінің 114 аятында:

«Олар Аллаға және ақырет күніне сенеді, дұрыстыққа бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Әрі олар жақсылық істерде озат болуға ұмтыллады. Міне, солар – ізгілерден.» - деп айтқан. Және де бір айтары, жақсылықтың қайтарымы – жақсылық қана екенін ұмытпауымыз керек. 

Адамзаттың асылы Мұхаммед с.а.с. «кішілерімізге мейірімділік танытпаған және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес» деп өсиет еткен.

(Әбу Дәуіт) 

Ендеше, осы бір қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізді сыйлап, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйып, сауапты істерді көбірек жасауға ат салысып, Алланың ізгі құлдарынан болуды баршамызға нәсіп етсін.


Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешіті


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz