Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Жастар және жат ағым» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Уағызды мешіт ұстазы Дастан Нұрлыбекұлы жүргізді.
Кездесуде жастардың діни сауатын арттыру, теріс діни түсініктерден сақтану және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде таралатын діни мазмұндағы ақпараттарға мұқият қарап, туындаған сұрақтарды білікті дін мамандарына қою қажеттігі айтылды.
Уағыз барысында діндегі байыптылықты ұстану, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және қоғамның бірлігін сақтау мәселелеріне назар аударылды. Жастарды білімге, ізгілікке және жауапкершілікке тәрбиелеудің адасудың алдын алудағы орны атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы