Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шараны «Нұр» мешітінің ұстазы Дастан Нұрлыбекұлы мен Саран қалалық мешітінің ұстазы Талғат Кенжебайұлы жүргізді.
Жастар қатысқан кездесуде рухани құндылықтарды дәріптеу, көркем мінез қалыптастыру және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну мәселелеріне назар аударылды. Ұстаздар білім алудың, уақытты тиімді пайдаланудың және ізгі орта таңдаудың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын түсіндірді.
Тағылымды басқосу жастардың рухани танымын кеңейтіп, ізгілікке ұмтылуына және өзара бауырмалдық байланысын нығайтуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы