Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында мешіт асханасының кәріз жүйесі жаңартылып, санитарлық-тұрмыстық жағдайы жақсартылды.
Атап айтқанда, мешіт имамы Жомабай Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен асхананың кәріз құбырлары жаңартылып, асқа келушілердің игілігі үшін екі әжетхана жасалды.
Аталған жұмыстар мешіт асханасына келушілерге қолайлы жағдай жасау, тазалық пен санитарлық талаптарды сақтау және жамағатқа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Мешітте жамағаттың игілігіне бағытталған абаттандыру және жөндеу жұмыстарына алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлінбек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы