ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облысы Саран қаласындағы «Мирас» шайханасында «Той мәдениеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін насихаттау және той-томалақтарды шариғат талаптары мен әдеп нормаларына сай өткізудің маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында той кезіндегі ысырапшылдықтың алдын алу, орынсыз бәсекелестік пен даңғазалыққа жол бермеу, шамадан тыс шығынданудан сақтану және ұлттық дәстүрлердің тағылымдық мәнін сақтау мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, тойды қарапайым әрі мазмұнды өткізу, әр отбасының материалдық мүмкіндігін ескеру, қонақжайлылық пен дастархан әдебін сақтау қажеттігі айтылды.
Аталған түсіндіру жұмыстары қоғамда өнегелі той мәдениетін қалыптастыруға, ысырапшылдықтың алдын алуға және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы