ҚМДБ-ның «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің жамағаты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне зиярат жасады.
Аталған рухани сапар Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Зиярат барысында жамағат қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын әрі діни қайраткері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Игі шараның негізгі мақсаты – тарихи-рухани мұраларды дәріптеу, ұлт тұлғаларының өнегелі өмірін насихаттау және жамағаттың рухани танымын арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы