Center Image
IHSAN.KZ
ШЕТ АУДАНЫНДА МЕЙРАМХАНА БАСШЫЛАРЫМЕН ТОЙ ЖӘНЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ШЕТ АУДАНЫНДА МЕЙРАМХАНА БАСШЫЛАРЫМЕН ТОЙ ЖӘНЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы жергілікті мейрамхана басшыларымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында той мәдениетін қалыптастыру, ас беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан әдебін сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, той-томалақтар мен құдайы астарда ұсынылатын ас мәзірін реттеу, тағам мөлшерін қонақ санына сай жоспарлау, орынсыз шығындарды азайту және ас беру мәдениетін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай ұйымдастыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар имам мейрамхана басшыларына қарапайымдылық пен қанағатшылдық қағидаларын ұстанудың маңызын түсіндіріп, қоғамда өнегелі той және ас беру мәдениетін қалыптастыруға бірлесе атсалысуға шақырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – халық арасында ысырапшылдықтың алдын алып, ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарға негізделген тағылымды той мәдениетін насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz