ҚМДБ-ның «Дархан Дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешіті мен Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамдары және жамағаты бірлесіп, Игілік би кесенесіне рухани-танымдық зиярат ұйымдастырды.
Тағылымды сапар барысында дін қызметкерлері мен жамағат өкілдері Игілік би бабамыздың рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сондай-ақ тарихи тұлғаның өмір жолы, ел тарихындағы орны, өнегелі істері мен кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды.
Игі шараның басты мақсаты – халқымыздың тарихи тұлғаларын ұлықтау, ата-баба мұрасына құрмет көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жамағаттың тарихи-рухани танымын кеңейту.
Аталған зиярат жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, өткен тарихымыздан өнеге алуға және рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы