Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ӨРТ ДАБЫЛЫ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ӨРТ ДАБЫЛЫ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мешіт ғимаратына орнатылған өрт дабылы жүйесі жаңартылып, заманауи талаптарға сай қайта орнатылды.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – мешітке келуші жамағаттың, қызметкерлер мен барша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қаупі туындаған жағдайда дер кезінде хабар беруді ұйымдастыру.

Өрт қауіпсіздігі – әрбір мекеме үшін маңызды міндет. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтау және алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізу басты назарда.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz