Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРҚАРАЛЫДА ТОЙ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАРҚАРАЛЫДА ТОЙ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы жергілікті тойханаларда «Той – тәрбие мен тағылым ордасы» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам той өткізу мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, ысырапшылдықтың алдын алу және шариғат талаптарына сай той ұйымдастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, той-томалақтың тәрбиелік мәнін арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау, дастархан әдебін ұстану және орынсыз шығындарға жол бермеудің маңыздылығын түсіндірді.

Насихат жұмысының басты мақсаты – қоғамда өнегелі той мәдениетін қалыптастыру, ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың сабақтастығын нығайту.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz