Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы ауыл әкімдігінде жергілікті тұрғындармен кездесіп, ас беру және той өткізу мәдениетіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге ақсақалдар алқасының мүшелері, әйелдер қауымы және ауыл жастары қатысты.
Басқосу барысында имам Берік Алпысбайұлы шариғат талаптарына сай ас беру әдебі, той-томалақтарда ысырапшылдыққа жол бермеу, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау және қоғамдық шараларды қарапайымдылықпен өткізу мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, құдайы ас пен той дастарханын ұйымдастыруда орынсыз шығындарға жол бермеу, ел арасында өнегелі дәстүрлерді қалыптастыру және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар аталған мәселелер төңірегінде пікір алмасып, өзара ой бөлісті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы