Center Image
IHSAN.KZ
АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ПОДКАСТ ТҮСІРІЛДІ
АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ПОДКАСТ ТҮСІРІЛДІ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ас беру мәдениетіне арналған арнайы подкаст түсірілді.

Танымдық сұхбатқа ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Жүсіп Шұғайұлы және облыс бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысты.

Подкаст барысында қазақ халқының ас беру дәстүрі, оның шариғаттағы орны, марқұмды еске алу әдебі, ас беру рәсімдеріндегі ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық салт-дәстүрлердің діни құндылықтармен сабақтастығы кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ мамандар құдайы ас ұйымдастыруда қарапайымдылықты сақтау, дастархан мәзірін шамадан тыс көбейтпеу, орынсыз шығынға жол бермеу және ас берудің негізгі рухани мәніне назар аудару мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Аталған подкасттың басты мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz