Теміртау қаласындағы «Әлихан Бөкейхан» және «Жақып Ақбай» мешіттерінде қысқы маусымға дайындық аясында жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, аталған мешіттердің жылу жүйесіндегі ескі сорғылар (насостар) жаңасына ауыстырылып, жылыту жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасалды.
Бұл жұмыстар мешіттерде қыс мезгілінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау және ғимараттардың жылумен үздіксіз қамтамасыз етілуі мақсатында жүзеге асырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы