Теміртау қаласында жергілікті мейрамханалардың әкімшілік өкілдерімен ас беру мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында арнайы кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құдайы ас беру рәсімдерін ұлттық дәстүр мен шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, ас мәзірін реттеу, дастархан әдебін сақтау және орынсыз шығындарға жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар мейрамхана әкімшіліктеріне ас беру барысында қарапайымдылықты ұстану, тағам түрлерін шамадан тыс көбейтпеу және халық арасында қалыптасқан артық шығындарға жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастырып, діни және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ысырапшылдықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы