Теміртау қаласында «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында зират аумағын тазалау және абаттандыру мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі бастамаға қала мешіттерінің дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты белсене қатысып, мұсылман зиратының аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында зират аумағындағы қоқыстар жиналып, айналадағы ретсіз өскен шөптер мен қураған бұталар тазартылды. Сондай-ақ қабірлердің айналасы ретке келтіріліп, қорымның тазалығы мен ұқыптылығына ерекше көңіл бөлінді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – дүниеден өткен ата-бабаларымыз бен жақындарымыздың рухына құрмет көрсету, зират мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үндеу.
Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән берілетіні белгілі. Осы орайда мешіт жамағаты мен дін қызметкерлерінің бірлескен еңбегі өзара ынтымақ пен бауырмалдықтың жарқын үлгісіне айналды.
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» ұстанымын негізге алған шара қатысушылары мұндай игі бастамалардың қоғамда жауапкершілік сезімін арттырып, өскелең ұрпақты ата-баба рухын құрметтеуге тәрбиелеуде маңызы зор екенін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы