Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ата-бабадан жалғасып келе жатқан игі дәстүрге сай сәбиге азан шақырылып, есім беру рәсімі өткізілді.
Аталған шараны Медет Сұлтанұлы ұйымдастырып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының сабақтастығын дәріптеді.
Рәсім барысында ата салтына сәйкес сәбидің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылып, есімі қойылды.
Сонымен қатар Медет Сұлтанұлы балаға мағыналы әрі көркем есім қоюдың маңыздылығына тоқталып, перзентке жақсы ат қою – ата-ананың жауапты міндеттерінің бірі екенін түсіндірді.
Сондай-ақ ислам дініндегі бала тәрбиесінің орны, ата-ананың перзент алдындағы жауапкершілігі және ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің маңызы жөнінде тағылымды насихат айтты.
Рәсім соңында сәбиге ақ батасын беріп, Алла Тағаладан денсаулық, ұзақ ғұмыр, имандылық пен берекелі өмір тіледі.
Аталған игі шара – халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері мен діни құндылықтарының өзара үйлесім тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанының жарқын көрінісі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы