Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде үстел теннисінен сайыс өтті
«Қазыбек би» мешітінде үстел теннисінен сайыс өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай мешіт жастары арасында үстел теннисінен спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында достық пен ынтымақты нығайту, өзара сыйластық пен бірлікті дәріптеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Спорттық сайыс барысында жастар өзара бақ сынасып, белсенділік танытты. Мұндай шаралар жас буынның бос уақытын тиімді өткізуіне және мешіт жастары арасындағы бауырмалдықты арттыруға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz