Center Image
IHSAN.KZ
Дубовка ауылдық мешітінде жат ағымның алдын алу бойынша уағыз айтылды
Дубовка ауылдық мешітінде жат ағымның алдын алу бойынша уағыз айтылды

Абай аудандық мешітінің наиб имамы Ережеп Жардыбайұлы Дубовка ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп, «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында жат діни ағымдардың зияны, олардың қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсері және діни сауаттылықтың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану, діни мәселелерде сенімді дереккөздерге сүйену және жастарды теріс діни ықпалдан сақтандыру жөнінде насихат айтылды.

Кездесу соңында жамағатты бірлікке, бауырмалдыққа және дін жолында байыптылық танытуға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz