Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешітінде жастарға жат діни ағымдардың зияны түсіндірілді
Қазыбек би мешітінде жастарға жат діни ағымдардың зияны түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Жастар ісі» секторының бағыты аясында мешіт жастарына «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Рухани кездесуде мешіттің наиб имамы Қобыланды Асхат жастарға жат діни ағымдардың қауіптілігі, олардың қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсері туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, діни білімді сенімді дереккөздерден алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану, дін мәселесінде сауатты әрі саналы болудың маңыздылығы айтылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың алдын алу және өскелең ұрпақты рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz