Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде оқушыларға Мемлекеттік Ту таратылды
Абай аудандық мешітінде оқушыларға Мемлекеттік Ту таратылды

Республика күніне орай Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен мешітте рухани кездесу өтті.

Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы таратылып, Отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет ету, туған жерді құрметтеу және азаматтық жауапкершілік туралы насихат айтылды.

Сонымен қатар, көк байрағымыздың тәуелсіздік пен егемендіктің символы екені түсіндіріліп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел бірлігін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді.

Рухани кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азамат болып өсуіне ықпал ету.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz