Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Адам баласына Алла Тағала нәсіп еткен ұлы нығметтердің бірі – туған ел, өскен жер, бейбіт Отан. Туған жер адамның кіндік қаны тамған қасиетті мекені, балалық шағының куәсі, ата-бабасының ізі қалған құтты қонысы. Ал Отан – ұрпақтың өткені мен бүгінін жалғап, болашағына бағыт беретін ортақ шаңырақ»,- деді.

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz