Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде діни радикализмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Әл-Машани» мешітінде діни радикализмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚМДБ-ның бастамасымен, Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешіті жанындағы «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында «Жат ағым жарға жығады» атты семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және жат ағымдардың зиянды әсерінен сақтандыру.

Жиын барысында қатысушыларға жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері түсіндіріліп, дұрыс діни білім алудың және діни мәселелерде сенімді мамандарға жүгінудің маңыздылығы айтылды.

Жастарымыз жат ағымнан сақтанып, ақиқат жолынан адаспасын!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz