Center Image
IHSAN.KZ
Байқадам ауылында Рухани келісім күніне орай футболдан сайыс өтті
Байқадам ауылында Рухани келісім күніне орай футболдан сайыс өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылының «Ғыйзат» қажы мешітінің жамағаты арасында футболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайту, өзара татулық пен бірлікті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Футбол сайысы барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Осындай спорттық шаралар жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, жастарды дене шынықтыруға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz