18 қазан – Рухани келісім күніне орай Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде шәкірттер арасында садақ атудан спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту және жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлікті нығайту.
Сайыс барысында қатысушылар садақ атудан өзара бақ сынасып, мергендіктері мен ептіліктерін көрсетті. Спорттық шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара ынтымақ пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы