Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау және жат діни ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар діни ақпараттарды дұрыс дереккөздерден алу, күмәнді діни насихатқа ермеу және кез келген ақпаратты саралап қабылдаудың маңыздылығы айтылды.
Жиынның негізгі мақсаты – әйелдер жамағатының діни білімін жетілдіру, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамда діни сауаттылықты қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы