Қарағанды қалалық Әл-Ғаффар мешітінде жұма уағызы барысында ас беру және той өткізу мәдениеті тақырыбы кеңінен насихатталды.
Уағыз барысында қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен діни құндылықтарын ұштастыра отырып, құдайы ас беру кезінде шариғат талаптарын сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу және отбасының әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын ас беру мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ, той-думандар мен отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруда қарапайымдылықты ұстану, дастархан әдебін сақтау және ұлттық салт-дәстүріміздің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа аманат ету қажеттігі түсіндірілді.
Жұма уағызының негізгі мақсаты – қоғамда ас беру мен той өткізу мәдениетін жетілдіру, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және берекелі дәстүрлерімізді шариғат талаптарына сай дәріптеу.
Алла Тағала игі істерімізге береке беріп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттырғай!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы