Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында семинар өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, той өткізу мәдениетінің тәрбиелік маңызын түсіндіруге арналған жиынды мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізді.
Іс-шараға Мәдениет сарайы жанындағы «Парасат» қазақ ұлттық орталығының «Асыл ақ әжелері» мен орталық жетекшісі Кушекова Аманкуль Алькеновна қатысты.
Семинар барысында қазақ халқының өміріндегі тойдың орны, оның ағайын арасындағы татулықты нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін тағылымдық мәні сөз болды. Мешіт имамы қуанышты басқосуларда ұлттық салт-дәстүр мен әдепті сақтаудың, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызына тоқталды.
Сондай-ақ той өткізуде ысырап пен бәсекеге жол бермеу, отбасының мүмкіндігін ескеру, дастархан мәдениетін сақтау мәселелері түсіндірілді. Тойдың мазмұнын өнегелі сөзбен, мағыналы батамен және ұлттық құндылықтарды танытатын дәстүрлермен байытудың қажеттігі айтылды.
Тағылымды семинар ұрпақ сабақтастығын нығайтуға, ұлттық тәрбиені насихаттауға және қуанышты жиындардың рухани мазмұнын арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы