Center Image
IHSAN.KZ
«БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНІҢ ЖИҺАЗДАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
«БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНІҢ ЖИҺАЗДАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің жиһаздары жаңартылып, жамағат игілігіне берілді.

Мешіттің әрдайым таза, көрікті әрі жайлы болуы – жамағатқа қолайлы жағдай жасаудың маңызды бөлігі. Осы орайда кәсіпкерлердің қолдауының арқасында мешітке жаңадан жиһаздар жасалып, қажетті орындар жаңартылды.

Жаңадан жасалған жиһаздар мен жайлы дивандар мешітке келушілерге де, мешіт қызметкерлеріне де қолайлы жағдай қалыптастырды.

Осы игі іске демеушілік жасап, қолдау білдірген Махмуд Мақсұтұлына мешіт ұжымы  шынайы алғысын білдіреді. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz