«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мешіт аумағы мен оған іргелес көшелерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны абаттандыруға көңіл бөлінді. Сонымен қатар, көше бойына шырша көшеттері отырғызылып, қаланың көркеюіне үлес қосылды.
Игі бастаманың мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы