Center Image
IHSAN.KZ
Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің шәкірттері психологиялық тренингке қатысты
Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің шәкірттері психологиялық тренингке қатысты

Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің шәкірттері әйелдер мен қыздарға арналған «Ақпарат ағынында ішкі тепе-теңдікті сақтау» тақырыбындағы психологиялық тренингке қатысты.

Іс-шараның спикері – Қарағанды қаласының практик-психологы, «Senim» рационалды психология орталығының және Отбасылық медиация және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Гүлмира Сайдынқызы Отыншина.

Тренингтің негізгі мақсаты – қатысушылардың эмоциялық өзін-өзі реттеу, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және қазіргі ақпараттық кеңістікте психологиялық тұрақтылықты сақтау дағдыларын дамыту.

Кездесу барысында әлеуметтік желілер мен ақпараттың шамадан тыс көптігінің адамның эмоциялық жағдайына әсері, зейінді басқару, мазасыздықты төмендету, психологиялық қысым мен манипуляциялардан қорғану жолдары қарастырылды.

Тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар талқылауларға белсенді қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде ішкі тепе-теңдікті сақтауға бағытталған практикалық ұсыныстар алды.

Мұндай кездесулер әйелдер мен қыздардың психологиялық сауаттылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға және эмоциялық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз ықпалдарды ажыратып, психологиялық манипуляциялардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz