Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Алмаз» мейрамханасының әкімшілігіне «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында насихат айтылды.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы ас беру рәсімінің діни және тәрбиелік маңызын түсіндіріп, құдайы асты ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайым әрі ізгі ниетпен өткізудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар ас беру мәдениетіне қатысты арнайы құжат таныстырылып, қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы