Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті Рухани келісім күніне орай спорттық сайыс ұйымдастырды
«Төлеутай ата» мешіті  Рухани келісім күніне орай спорттық сайыс ұйымдастырды

Рухани келісім күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша спорттық сайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ өзара сыйластық пен бірлікті нығайту.

Сайыс барысында мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай қатысушыларға спорттық шараның мәні мен мақсатын түсіндіріп, жастарды тәртіпке, табандылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz