Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорында кезекті жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» ұйымының технолог маманы Айжан Омарова жүзеге асырды.
Аудиттің негізгі мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің белгіленген талаптарға сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат көздері мен дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды.
Тексеру жұмыстарына «Халал Даму» ұйымының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы да қатысып, кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындарға халал стандарттарын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар беріліп, белгіленген талаптарды тұрақты сақтау жөнінде әдістемелік түсіндірмелер ұсынылды.
2026 жылғы 10 қазанда жоспарлы аудит аясында төмендегі кәсіпорындар тексерілді:
- «Anashym pisirdi» цехы;
- «NK Kungei FoodLab» қоғамдық тамақтану орны;
- «HappyCake» цехы;
- «Добрая кухня у Динары» қоғамдық тамақтану орны;
- «Dostar» тамақтану орны;
- «Rauda bagy» қоғамдық тамақтану орны;
- «Kids Park» қоғамдық тамақтану орны;
- «Erkelet_buket» тәтті өнімдері;
- «Dam You» қоғамдық тамақтану орны;
- «Karak Home»;
- «Firdaus Halal 2».
Жоспарлы аудит жұмыстары халал талаптарының сақталуын бақылауға, кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы